{metadescription}
Қарағандыда еркектерді алдап келген күдіктілер қулығын ашты
Қарағандыда еркектерді алдап келген күдіктілер қулығын ашты

Қарағандыда еркектерді алдап келген күдіктілер қулығын ашты

Қарағандыда тек ер азаматтарды ғана алдаумен айналысқан күдіктілер қулығын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. Олар карантинде екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды оңай алдап соққан.

Қылмыстың барлығы тек телефон арқылы жасалыпты. Кісендеулі азамат азық-түлік тасымалдайтын мекеме директоры, ал сыбайласы дәрігердің рөлін ойнаған. Хабарландыру арқылы жұмыс іздеушілермен  жалған басшы сөйлесіп жұмысқа қабылдайды. Тек дәрігердің 086 формалы анықтамасын көрсетсе болғаны. Қатаң карантин уақытында медициналық бақылаудан өту мүмкін болмағаны белгілі. Осы кезде жалған дәрігер іске қосылады. Анықтамаға келісілген соманы аударым арқылы алған соң, директор мен дәрігер із-түзсіз жоғалып отырған. Полицейлер бұл жұпқа алданғандар қатары көп екеніне сенімді. Әзірге бұлардың 6 қылмысы дәлелденген. Өздері де алдағандарының санынан жаңылған.

Күдікті:

- 10 адаммен сөйлессек, соның бес-алтауы қармаққа түсіп отырды. Жалпы саны есімде жоқ. Алданғандардың бәрі ер адамдар. Арасында әйелдер болмады. Жоспармен сыбайласымызбен әуел бастан-ақ, нәзік жандыларға тиіспейміз деп шешкенбіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде