{metadescription}
Қанша қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр?
Қанша қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр?

Қанша қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр?

Шетелдерде 280 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Ал біздің елде сондай 447 шетел азаматы жүр. Бүгін Сенат ТМД елдері арасында осындай жазасын өтеушілерді өзара алмасуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, әлгі айтылған 280 қазақстандықтың 251-і Ресейде жүр. Тағы 24-і Өзбекстанда жазасын өтеп жүрсе, екеуі – Қырғызстанда. Және тағы екі азаматымыз Беларусьте. Ал Қазақстанда сондай жаза арқалағандардың 216-сы – Өзбекстан азаматы. Қалғандары Ресей, Қырғызстан мен Армениядан келгендер. Сенат мақұлдаған заң бойынша, шетелде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматы өз жазасын тұрғылықты жерінде өтеу туралы сол елдің Бас прокуратурасына өтініш береді. Ол үшін біздің елден оның азаматтығы, жазбаша келісімі, сот шешімінің көшірмесі, мінездеме мен келтірілген шығын туралы мәліметтері керек.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Жазасын өтеушіні қабылдайтын мемлекет белгіленген жазадан қатаң емес жаза тағайындайды. Жазасын өтеуші шешім қабылданғаннан кейін 45 күн ішінде елден шығуы тиіс. Ал егер бұл талаптар орындалмаса, заң бойынша мәжбүрлі түрде елден шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде