Доллар тағы қымбаттады
Доллар тағы қымбаттап, төл ақшамыз 2 теңгеге құлдырады. Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында АҚШ валютасы 426 теңге 80 тиынға бағаланды. Ал еуро 502-503, ресей рублі 5 теңге 70 тиыннан сатылып жатыр.
Автор: Мақсат Мәлік
01.04.2021
Десе де валюта айырбастау орындарындағы доллар бағамы мүлде басқаша. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында айтарлықтай айырмашылық бар. Алатау бөктерінде 426 теңгеден алынған 1 доллар 427 теңгеге сатылуда.
Елордамызда валюта бағамы бұдан сәл төменірек. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа 425 теңге 80 тиынға тең.
Төл теңгеміз осымен бірнеше күн қатарынан құнызданып барады. Өйткені АҚШ пен Еуроодақта карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты өндіріс тұралап, мұнай мен өзге де шикізатқа сұраныс азайған. Суэц каналындағы кептелістен кейін де мұнай нарығындағы жағдай әлі тұрақталмады. Брент маркалы қара алтынның құны 7 пайызға төмендеп, баррелі 60 доллардан саудалануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!