{metadescription}
ШҚО: Екі елікті атып өлтірген браконьер ұсталды
ШҚО: Екі елікті атып өлтірген браконьер ұсталды

ШҚО: Екі елікті атып өлтірген браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған браконьер ұсталды. Қаскөй далада жайылып жүрген екі елікті жайратып салған.

Полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлікті Омбы - Майқапшағай тас жолында тоқтатқан. Оның жүк салғышын тексерген езде қос еліктің жіліктелген еті мен аңшы мылтығы тәркіленді. Қолға түскен 43 жастағы азамат – Зайсан ауданының тұрғыны. Ол сақшыларға еліктерді даладан атып алғанын мойындаған. Аңның бас-сирағы мен терісін далаға тастап кеткен екен. Ал етін алып кетуге көлік шақыртыпты. Заңсыз аң атқаны үшін ол қылмыстық жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде