{metadescription}
«Рауан» саяжайын қуаңшылық күтіп тұр – Ақтау
«Рауан» саяжайын қуаңшылық күтіп тұр – Ақтау

«Рауан» саяжайын қуаңшылық күтіп тұр – Ақтау

Ақтау қаласына қарасты «Рауан» саяжайының тұрғындарын биыл қуаңшылық күтіп тұр. Өйткені бау-бақшаға су келмей қалса, 10-15 жыл еңбектеніп еккен жеміс ағаштары қурап қалуы мүмкін. Осылай деген саяжай тұрғындары бүгін шу шығарды.

Суға жауаптылар егінге қажет тіршілік нәрін жібермей, жауып тастамақшы дейді.

«Рауан» саяжайының тұрғындары  төрт жылдан бері егінге арналған суды айқаймен аламыз дейді. Жауаптылар түрлі нәрсені сылтауратып суды кешіктіріп, уақытында бермейді екен. Жауапты мекеме биыл да суды кешіктіретінін айтып, зәре-құтымызды қашырды деп отыр. Тұрғындар 10-15 жыл еңбекпен еккен жеміс ағаштары қурап қала ма деп қорқады әрі сәуір айының басында жерді өңдеп, тұқым себуіміз керек, оған да көп су керек дейді.

Болат Үмбетов, саяжай тұрғыны:

- Осыны алған мекеме бар ғой жұмыс істегісі келмейді. Құбырды күту бар, дәнекерлеушілермен қадағалап тұру керек. Үйлерді пайдаланып, тонап жатқандар бар. Құбыры жарылып жатыр. Соны тексеріп, учаскелік қызметкермен айыппұл салу керек.  

Тілек Жұмабаев, саяжай тұрғыны:

- Үш учаскеге бір ғана дәнекерлеуші – «Рауан», Приморский, Приозерный. Сол біреуін әр жерге жібереді. Мында  келе алмайды.  Бір жұмада мынаның бәрін істеуге болады. Жарылғаны көп емес.

«Рауан» тұрғындарына егінге арналған су мамыр мен қазан айының аралығында беріледі екен.  Оның өзі төрт күнде бір сағат қана ағады дейді жиналғандар. Ал жауапты мекеме судың дер кезінде берілмеуіне тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Себебі, су ақысын уақытында төлемей 4 миллион теңгеден аса қарыз жиналған.  Енді олар ескірген құбырды жаңасына ауыстырып, есептегіш құралын қойып, олқылықтың алдын аламыз деп  ақталды.

Жамбыл Жұмабаев, «Ақтау тұрғын үй» КММ директорының міндетін атқарушы:

- Ақшасын уақтылы төлеп отырғандар санаулы ғана. Көп болса 50 участок. Темір құбырлар жалпы толық істен шығып тұр. Қазір су берсе, қазір жіберіп тұрады. Мысалы, былтыр жағаластық, әр үйге арызбен барып жасадық. Құбырлар шіріген. Биыл су берілмейді деп әңгіме айтып отырған жоқпыз. Қаражат жағын қарастырып жатырмыз. Жаңа құбыр тартамыз.

Жаңа құбырлар 20-25 күнде тартылады екен. Тұрғындарға енді күтуден басқа амал жоқ. Егер осы уақыт аралығында мәселе шешілмесе, облыс әкімдігіне барып наразылығымызды білдіреміз, - дейді жиналғандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде