Екі бөлмелі пәтерін тауық қораға айналдырған – Ақтау
Ақтаулық тұрғын екі бөлмелі пәтерін тауық қораға айналдырған. Аядай бөлмеде құс өсіретін азамат көршілердің шағымын пысқырмаған. Тұрғындар үйімізде тұншығып отырмыз дейді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
05.04.2021
Мария Ким, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Жаман иіс шығады. Біз олай тұра алмаймыз. Оның бәрі улы ғой. Қаншама рет айттық, телефон соқтық, жауап бермейді.
Тұрғындар күркетауық бағатын көршісіне көпқабатты тұрғын үйде құс асырауға болмайтынын айтып бірнеше рет ескерту жасаған. Құзырлы орындарға да шағымданған. Бірақ екі бөлмелі пәтерінде құс өсіретін 62 жастағы әжей көршілеріне құлақ аспайтын көрінеді. Жағымсыз иістен бөлек, пәтерлерде тышқан мен тарақан қаптап кеткен. Зиянкестер тауық қорадан шығып жатыр, - дейді тұрғындар. Шыдамы таусылғандар бүгін полицей шақырды. Бірақ тауық өсіруші тұрғын тәртіп сақшыларына есік ашпай қойды.
Еркін Елеусізов, Ақтау қаласы полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары:
- №68 пәтер тұрғындарының айтуына қарағанда, ол үйде тауық асырап отыр. Бұл үйдің ішінен жағымсыз иіс шығатыны ауызша шағымда көрсетілген. Учаскелік инспектор шағымын қабылдап, хабарлама арқылы Ақтау қаласының әкімдігіне және СЭС-ке жолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!