«Қазақалтыннан» 122 миллион теңгелік металл ұрланған
Жолымбет кентіндегі «Қазақалтын» кен байыту комбинатынан бір қапшық алтын ұрлаған екі адам ұсталды. Құны 122 миллион теңгелік бағалы металды кәсіпорынның сақтау камерасынан қабырғаны тесіп алып кеткен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.04.2021
Ұры алыстан келмепті. Оңай олжаға кенелмек болып қылмысқа барған аталмыш кәсіпорынның 26 және 34 жастағы жұмысшылары екен. Олар арам ойын жүзеге асыруға жарты жыл бойы дайындалған. Өз арасында «алтын бөлме» аталатын қоймада қай кезде дайын өнім, яғни тазартылған алтын болатынын алдын ала зерттеп алған. Сәті түскенде қабырғаны кесіп, қапшықтағы алтындарды ұрлап кеткен.
Полиция оларды бір ай бойы іздеді. Құны 122 миллион теңге тұратын алтын алыстан емес, Жолымбет кентінен табылды. Ұрылар оны бос тұрған үйдің төбесіне жасырыпты. Бірақ сатып үлгермеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!