{metadescription}
Қорамда көлік басып өткен екінші оқушы қыз да қайтыс болды
Қорамда көлік басып өткен екінші оқушы қыз да қайтыс болды

Қорамда көлік басып өткен екінші оқушы қыз да қайтыс болды

Қорамда көлік таптап өткен екінші оқушы да қайтыс болды. Жасөспірім бір айға жуық аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Өткен түнде өрімдей қыз сол күйі есін жимастан көз жұмды.  

Дәрігерлер сегіз жасар қыздың ағзасы ауыр жарақаттарға төтеп бере алмады дейді. Оқушы 2-наурыздан бері жасанды аппараттың көмегімен тыныстап жатқан. Оның ішкі мүшелеріне аса ауыр зақым келген.

Жантүршігерлік жол апатында дәл осындай жарақат алған төрт қыздың біреуі үш апта бұрын ес жимастан көз жұмған болатын.

Бір емес, екі бірдей оқушының қазасынан соң істегі айыптау бабы тағы өзгерді. Көлікке мас күйде отырған Әсет Демесінов енді екі қыздың өліміне жауап береді. Екі оқушы ауруханада өлім мен өмірдің арасында жатқанда оған тек жол ережесін бұзғаны үшін ғана айып тағылған. Енді жүргізушінің жазасы одан сайын ауырлай түсті.

Сұмдық жайт Алматы облысының Қорам ауылында 2-наурызда болған. Удай мас жүргізуші мектептен қайтып келе жатқан төрт бірдей оқушы қызды көлігімен таптап өткен еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде