Биыл ҰБТ қалай өткізіледі? Ерекшелігі
Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті кезеңі басталмақ. Сынақ наурыздағы ақылы тестілеу секілді электронды форматта өтеді. Ерекшелігі – түлектер мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Тағы бір ұтымды тұсы оқушыларға емтиханды тапсыру күні мен орнын таңдау еркі берілген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
05.04.2021
Әділет Тойбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:
- Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғыдай он күн емес, үш ай бойы, алғаш рет электронды форматта өткізіледі. 15-сәуірде басталып 30-маусымға дейін жалғасады. Сонымен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік бар. Ал тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тест аяқталған бойда жарияланады. Апелляцияны 30 минут ішінде беруге болады.
Электронды форматтағы тестілеудің ақылы түрі наурыз айында өткізілген. Сол кезде тест тапсырғандардың жартысына жуығы қажет балды жинай алмаған. Дегенмен сынақтан сүрінгендер 15-сәуірде басталатын тестілеуге еш кедергісіз қатыса алады. Түлектердің мемлекеттік грантқа да ілігіп кетуіне болады. Талапкерлерге емтиханды екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі және ол екеуі де тегін. Қай тапсырғанының нәтижесі жоғары болса, оқуға түсуге сол қолданылады. Оқушылар тест тапсыру бөлмесіне кірмес бұрын бет-жүзі арнайы құрылғымен тексеріледі, ал бөлмелер бейнебақылау камераларымен жабдықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!