Ақтауда коронавирусқа екпе алып жатқандар шу шығарды
Ақтау тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе алу үшін таңнан тұрып кезек күтуге мәжбүр. Қалалық №1 емхана алдына жиналғандар кезек жылжымайды деп шу шығарды.
Автор: Айман Нұрмағанбет
05.04.2021
Ая Едігеева, Ақтау тұрғыны:
- Таңертең келгенде 100 адамдай болды. Жартысы кетіп қалды, тұра алмады. Енді қарасаң, кілең үлкен кісілер. Әркімнің шаруасы бар. Екпеге облыс дайын емес.
Тұрғындар жұма күннен бері осындай қарбалас дейді. Қалада вакцина салдырығысы келетін адам көп. Бірақ кезек тым баяу жылжиды деп ашынады. Бұған дейін 530 адам вакцина салдырған екен. Олар: әскери қызметкерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер. «Енді өз еркімен екпе алғысы келетіндер көбейді», - ейді дәрігерлер. Сондықтан екпе салатын қосымша кабинет ашып жатыр. Бұдан былай сенбі мен жексенбі күндері де жұмыс істейміз деп ақталды.
Дана Теңелова, Ақтау қаласы №1емхана дәрігері:
- Осы уақытқа дейін бұйрық бойынша бір екпе кабинетінің жүктемесі 60 адамға дейін болатын. Осы уақыт аралығында екпе жасадық. Таңғы сағат сегізден кешкі беске дейін. Ол кезде ондай қатты жүктеме байқалған жоқ. Өз еркімен алатын тұрғындар көбеюіне байланысты қазір екі кабинет ашылды. Сенбі, жексенбі күндері таңертең 9:00-ден 14:00-ге дейін екпе жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!