{metadescription}
Қарағандыда «Спутник-V» шығару үш есеге артылады
Қарағандыда «Спутник-V» шығару үш есеге артылады

Қарағандыда «Спутник-V» шығару үш есеге артылады

Қарағанды фармацевтикалық зауытында «Спутник-V» вакцинасын шығару үш есеге артылады. Бүгін кешендегілер дайын өнім мен оның Ресейден жеткізілген субстанциясымен таныстырды.

 

Алғашында Қарағанды зауытында бір айда 600 мың дозаны құтыларға құю жоспарланған. Дегенмен тапсырыстың көбеюінен бұдан былай айына 1 миллион 200 мың доза дайындалады. Осыған байланысты фармацевтикалық кешенде басқа перпарат шығару уақытша тоқтатылады.

Қарағандыға вакцина жасауға арналған сұйықтық осындай күйде жеткізіледі. Субстанция зауытта залалсыздандыру және мұздату процесінен өтеді. Бұған бір апта уақыт жұмсалады. Ал сапасын бақылау кезеңі бір ай уақыт алады екен. Алдымен осы жерде тексерілсе, специфика қуатын Гамалеи институтында тереңірек талдайды. Фармацевтер вакцина тапшылығын болдырмаймыз дейді.

Владимир Фольмер, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірістік директоры:

- Әрине, бәріне жетеді. Қазір біз вакцина шығару жағынан Ресейден кейін екінші орында тұрмыз. Олар, әрине, көп шығарып жатыр. Алғашында 2 миллион доза дайындаймыз десек, енді 6 миллионын әзірлеуді жоспарлап қойдық.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде