{metadescription}
Нұр-Сұлтанда вакциналау қалай жүргізіліп жатыр?
Нұр-Сұлтанда вакциналау қалай жүргізіліп жатыр?

Нұр-Сұлтанда вакциналау қалай жүргізіліп жатыр?

Нұр-Сұлтандағы ойын-сауық орталықтары сатып алушыларды емес, екпе салдырушыларды қабылдамақ. Жуық арада сауда орындарында жаппай вакциналау басталады. Қазір екпе егу пунктерін ашуға дайындық қызу. Ал орталықтар есігін айқара ашқанға дейін елордаға сәуірде 280 мың доза вакцина жеткізіледі.

Елордадағы ойын сауық орталықтары жақын күндері ем-дом шарасын  жүргізетін орындарға айналады.

Қаладағы ең үлкен орталықта жаппай вакцинациялау пунктін ашуға дайындық қызған. Жалпы аумағы 800 шаршы метр мұз айдынының жартысын орталық басшылығы екпе алатын пункт қылып жасаған. Мұнда күту, тіркеу, дәрігер қабылдайтын, екпе егілетін және вакцинадан кейінгі жағдайыңыз бақыланатын аймақ бар.

Әр аймақ өзінше жабдықталған. Екпе алушылар терминалдан талон алып тіркеуден күту залына өтеді. Егер мониторда кезек нөмірі жазылса дәрігер тексеруін бастайды. Жағдайы дұрыс болса, вакциналауға жіберіледі. Екпе егілетін орында препарат сақталатын тоңазытқыш, науқасқа арналған керует бар. Пунктің қашан ашылатыны белгісіз. Ал сауда орындарында екпе салдырғандарға екіншісін алу үшін смс хабарлама келеді.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Сауда орталығында жүргенде осындай пункт көрсеңіз, вакцина алам десеңіз, жеке куәлігіңіз бар болса, жеке мәліметтеріңізді жазып алады.Мысалы, сіз бірінші компонентті «Хан шатырда» алдыңыз дерлік, бірінші компонентті алғаннан кейінСМС келеді. «Құрметті ... , сіз бірінші компонентті алдыңыз, енді екінші компонентті ... күні, ... жерде аласыз» деген хабарлама келеді.

Егер вакцина емханада алынған болса, 21 күннен кейін сол тіркелген емханаңызға қайтып бару керек.

Бұл емхана кезекпен әскери қызметкерлерді егуді жұма күнге дейін аяқтап, бірден жұртты жаппай вакциналауды бастамақ. Емдеу мекемесі 5000-дай доза препаратты күтіп отыр.

Екпе алмас бұрын алдымен терапевттің қабылдауына жазылуыңыз тиіс. Ол үшін емханаға тіркелуіңіз міндетті. Мұның бәрі ұзын-сонар кезектің алдын алу үшін жасалып жатыр.

Екпе егу жұмыстарына байланысты дәрігерлер тағы да үйінің бетін көрмей кетуі мүмкін. Өйткені бұрынғыдай бір күнде 16 адам емес, 60 адамға қызмет көрсетілуі керек. Сол үшін қабылдау уақыты ұзартылады. Сенбі-жексенбі күндері де емхана есіктері ашық болады.

Вакцинадан кейін жүктілікті жоспарлауға болмайды деген түрлі алып-қашпа әңгіме өріп жүр. Мамандар оған сенбеуге шақырады. Және препараттың екі компонентін де алу керек дейді. Әйтпесе иммунитет төмендеп, Covid-ті жеңе алмаймыз. 

Бүгінде бас шаһарда «Спутник V»ді 16841 адам алған. Сәуір айында 280 мың доза елордаға әкелінеді. Сөйтіп аз да болса вакцина жетіспеушілігі мәселесі шешіледі. Әкім Алтай Көлгіновтің есебінше, негізі 600 мың адам екпе алуға жарамды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде