Ақтөбе: Ақжар-2 ауылындағы көшені су қопарып кеткен
Ақтөбе іргесіндегі Ақжар-2 ауылындағы орталық қос көше терең жыраға айналды. Төбешіктен аққан қар суы асфальттың астын орып кеткен. Қауіпсіздік үшін бұл жақтың жолдары жабылды.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.04.2021
Алмагүл Жүлекенова, Ақжар-2 ауылының тұрғыны:
- Мына жерге екі жағынан қоршау қойған, ешкім жүрмесін деп. Әрине, қауіп бар. Үкіметтен не қаралу керек қой, көмек көрсетуі керек.
Ауыл көшелеріне екі жыл бүрын ғана тас төселіп асфальт салынған. Қазір жарамсыз күйге түсіп отыр. Жыраның кесерінен мұндағы жұрт көлігімен үйіне кіре алмайды. Себебі, қоршау қойылып, көлік қатынасы тоқтады. Тұрғындарға да жаяу жүру қауіпті. Жол жиегіндегі шұңқырдың тереңдігі бір жарым-екі метрге дейін. Онымен қоса адам аяғы тисе, ішіне қарай үгітіліп жатыр. Осыған дейін жол салған мердігер мекеме жыраны бітеп, жолды қайта жөндеуді өз мойнына алған. Себебі, кепілдік мерзімі әлі бітпеді дейді шенеуніктер. Ал келесі жылы қайтадан ағынды су үңгіп тастамас үшін жол шетіне арық салынады деп сендіреді.
Новаи Әмірбек, Ақтөбе қаласы ТҮКШ және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы:
- Су ағатын жүйе қарастырылмаған. Бірақ мердігер мекеменің әлі мерзімі бар. Кепілдік мерзімі. Өз қаражатына мердігер мекеме ауа райы қолайлы болғанда жасап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!