{metadescription}
МӘМСҚ сақтандыру жүйесінің қазіргі аяқ алысы қалай?
МӘМСҚ сақтандыру жүйесінің қазіргі аяқ алысы қалай?

МӘМСҚ сақтандыру жүйесінің қазіргі аяқ алысы қалай?

Ай сайын жарнасын аударып денсаулығын сақтандырғандар саны 15 миллионнан асады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына олардан түскен қаражат 500 млрд теңгеден асқан. Қор басшылығы осындай дерек келтірді.

Мамандар ай сайынғы жарнасын үзбей төлейтіндерге қымбат медициналық қызметтер қолжетімді бола бастағанына қуанып отыр. Сәйкесінше, медициналық қызмет көрсету сапасы мен бәскелестік артқан.

Әсел Нұрғазина міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың игілігін көріп жүр. Бұрын ақылы қызметке шығындалған ол қазір ұл-қызына қажет ем-домды емханадан еш кедергісіз алады.

Әсел Нұрғазина, Алматы қаласының тұрғыны:

- Барлық балам процедураларын осы жерден өтеді. Невропатолог жазып берген электрофарез, массажды тегін өткізеді. Баланың жүрегін тексеру керек болса, соның барлығын аурухана арқылы тегін аламыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы 15 санаттағы жеңілдігі бар тұлғаларға көрсетілетін тегін медициналық қызметтің тізімі де ұлғайды. Оның қатарына тіс емдеу де қосылған. Нақтырақ айтсақ, балалар, аяғы ауыр әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектерді мемлекет сақтандырады. Ал бұл санатқа жатпайтын азаматтар  өз мәртебесін анықтап алуы тиіс. Егер өзіңіз таңдаған емханаңызға алдын ала тіркелмесеңіз, тегін медициналық көмектен қағылуыңыз мүмкін. 

Венера Тохтахунова, Алматы қаласы №36  емхана бас дәрігерінің орынбасары:

Ең алдымен өзіңіз тіркелген емханаға келіп, мәртебеңізді анықтап алуы тиіс. Сіз өзіңіз таңдаған емхана немесе жекеменшік медициналық мекемеге телефон және егов.кз сайт арқылы да тіркелуге болады. Ал келісім-шартпен жұмыс істемейтін болсаңыз, ай сайынғы жарнаны өздігінен төлеуіңізге болады. Жұрт өзін сақтандыру арқылы көптеген қызметке қол жеткізе алатынын түсінуі тиіс. 

Мәселен, сақтандырудың арқасында азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады. Оның қатарында МРТ мен компьютерлік томография бар. Жылына бір рет түрлі ота жасауға мүмкіндік те аласыз. Сондай-ақ бұл тізімге оңалту және науқастың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлері де кіреді. Тегін берілетін дәрілер саны да 45-тен 138-ге дейін артқан.

Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 500 миллиард теңгеден астам қаражат бар. Бүгінде денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция да еселеніп отыр. Мамандар жүйе жүйелі түрде жұмыс істегелі медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасы мен бәсекелестік артқанын жеткізді.

Былтырдан бері денсаулығын сақтандырғандар саны 10 миллион адамға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде