Доллар: Ұлттық валютамыз 430 теңге 77 тиынға тең болды
Доллар қымбаттап барады. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта ұлттық валютамыз 430 теңге 77 тиынға тең болды. Ал 1 еуро 507 теңгеге жуықтаса, Ресей рублі 5 теңге 65 тиынға бағаланды.
Автор: Мақсат Мәлік
07.04.2021
Төл ақшамыз бір күннің ішінде 2 теңгеге құнсызданып шыға келді. Қазір айырбастау орындарында 430-431 теңгеден сатып алынған АҚШ валютасы 432 теңгеден саудаланып жатыр.
Теңгенің тағы шатқаяқтағанына бірнеше күннен асып кетті. Тіпті сәуір айы басталғалы доллар бағамы жобамен 7 теңгеге өскен.
Сарапшылар валютамыздың әлсіреуіне мұнай нарығындағы тұрақсыздық пен рубльге жасалған қысым кері ықпалын тигізді дейді. Еуропа елдеріндегі карантин шараларының күшеюінен мұнайға деген сұраныс азайған.
Мәселен, өткен аптадан бері Brent маркалы мұнай бағасы 4,1 пайызға төмендепті. Ал Украинаның оңтүстік шығысындағы жағдайдың шиеленісуі рубльдің әлсіреуіне әкеліп соққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!