{metadescription}
Баспана: Бір жылда бір шаршы метр 30 мың теңгеге өскен
Баспана: Бір жылда бір шаршы метр 30 мың теңгеге өскен

Баспана: Бір жылда бір шаршы метр 30 мың теңгеге өскен

Елімізде баспана бағасы шарықтап барады. Әсіресе екінші нарықтағы пәтер құны былтырғы жылмен салыстырғанда 20,2% пайызға, жаңа тұрғын үйдегі пәтер шамамен 8 пайызға көтерілген. Жалға алатын баспананың бағасы да 10,6 пайызға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде бір шаршы метрдің орташа құны бір жылда 30 мың теңгеге өскен.

Жыл басынан бері тұрғын үй бағасы ай сайын шамамен 2 пайызға өсіп жатыр. Мәселен, ақпанда баспанаға деген сұраныс соңғы бес жылда болмаған рекордық көрсеткішке жетіпті. Бір айдың ішінде 41 мыңнан астам алып-сату келісімшарты жасалған. Сарапшылар пәтер құнының көтерілуін зейнетақы қорындағы жинақтан ипотека алуға беріліп жатқан ақшамен  байланыстырады. Бірақ мамандар бағаның бұлайша шарықтауына жол берілмеу керек деген пікірде. «Қымбатшылық қолдан жасалып отыр», - дейді олар. Соның салдарынан баспанаға шын мұқтаж жандар тығырыққа тірелген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде