Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы қамауға алынды
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды. Екі ай уақытша тергеу абақтысына жабылған шенеунік пандемия кезінде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілігіп отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
07.04.2021
Облыстың денсаулық сақтау басқармасына Сүлен Ілиясов пандемия енді басталған кезде келген. Бірақ екі ай бұрын өз еркімен жұмыстан кетті. Бас дәрігерге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, талан-таражға салу бабымен қылмыстық іс қозғалып тергеу түріп жатыр. Ілиясов онсыз да науқастарға жетпей жатқан жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға беріп, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!