«Теңізшевройл» қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Атырауда ауаға күкіртсутегін шашқаны үшін «Теңізшевройл» компаниясы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Экология, геология және табиғи ресурстар комитеті қоршаған ортаны шектен тыс ластаған Теңіз кен орнына тексеру жүргіземізбекші.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
08.04.2021
Оның қорытындысы құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Әлібек Бекмұхаметов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы:
- 7-сәуір күні 15:20-да Атырау уақытымен «Теңгизшевройл» мекемесінде технологиялық іркіліс болып, әлеуметтік желіде көрсетілгендей, 511 құрылғысында автоматты бұғаттау іске қосылған. Сол себептен ауаға сары түтін тараған.
Кеше түс ауа кеніштегі алып мұржалардың бірінен ауаға сарғыш түсті улы түтін тараған. Күкіртсутегі шамамен 10 минуттай будақтаған. Тынысы тарылған Жылой ауданының тұрғындары мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын айтады. Апат кезінде кен орнындағы жұмысшылар дереу оқшауландырылды. Қазір тиісті мамандар улы заттың таралуынан табиғатқа келген залалды анықтап жатыр. Қорытындысы 10 күнде шығады. Экологиялық апатқа кінәлілер ірі көлемде айыппұл арқалайды немесе қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!