Қырғызстанда президент құзыретін арттыруды халықтың 79 пайызы қолдаған
Қырғызстанда президент құзыретін арттыруды халықтың 79 пайызы қолдаған. Ал конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы дауыс бергендердің үлесі 14 пайызға жуық. Көрші елде өткен жалппыұлттық референдумға 1 млн-нан астам қырғызстандық дауыс беріпті.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.04.2021
Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы рефрендумның соңғы қорытындысы 10-15 күннің ішінде жарияланатынын айтады.
Жаңа Конституцияны Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров ұсынған. Онда парламенттік-президенттік басқарудан президенттік басқару жүйесіне көшу, Халықтық құрылтай институтын құру және парламенттегі депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін азайту қарастырылған.
Өткен демалыста айыр қалпақты ағайындар референдуммен қатар жергілікті Кенеш депуттаттарын да сайлады. Қалалық және ауылдық кенеш депуттатығына 30 мыңға жуық кандидат үмітті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!