{metadescription}
Алматының жедел жәрдем жұмысында былықтың бары рас па?
Алматының жедел жәрдем жұмысында былықтың бары рас па?

Алматының жедел жәрдем жұмысында былықтың бары рас па?

Алматының жедел жәрдем жұмысында былықтың бары рас па? Қалалық прокуратура қызметкерлердің шағымын негізге ала отырып тексерісті бастап кетіпті. Бұл туралы бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді. Бірақ нақты кімнің тергеліп, құзырлы орган нақты қандай айып тағып жатқаны туралы ашып айтпады.

Светлана Сұлтанғазиева, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

- Денсаулық сақтау басқармасының комиссиялық тексерісі өтті. Нәтижесінде, жедел жәрдем станциясындағы кейбір қызметкерлердің жұмысынан бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Барлық заңбұзушылық тіркеліп, құзырлы органға жолданды. Бұдан артық ақпарат айта алмаймын.

Осыған дейін Алматының жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарған еді. Олар басшылық жеке қорғаныс құралдарын «қара нарықта» сатып, ойына келгенді істеп жатыр деп арызданған. Оған қоса жалақының да кешігіп берілетініне көңілі толмайтынын жеткізді. Осыдан бірнеше ай бұрын ашынған қызметкерлер әрбір шақыртуға үстемақы төлеудің бұрынғы жүйесін қайтарсын деп наразылық акциясын да өткізді. Бірақ әзірге өзгеріс жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде