Ақтөбеде шошқа фермасының жұмысшылары наразылыққа шықты
Ақтөбедегі атышулы шошқа фермасының жұмысшылары наразылыққа шықты. Талпақ танау өсіретін кәсіпорының жабылуына қарсы қызметкерлер әкімдік алдында ереуіл ұйымдастырмақ болған, бірақ оларға тәртіп сақшылары мен шенеуніктер кедергі келтірді.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.04.2021
- Ново-Алжано комбинаты ауданында. Полиция қызметкерлері «Парижская комуна» ЖШС-нің 4 автобусын тоқтатты. Олардың бірі азаматтық форма киген. Олар қалаға кіргізбей тұр.
Төрт автобусқа мінген жұмысшыларды жол сақшылары облыс орталығындағы «Достық» үйіне жеткізді. Наразы топты мұнда облыс әкімінің орынбасарынан бастап, басқарма басшылары күтіп алды. 100-ден аса жұмысшы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жабылуына қарсы. Қожалық жұмысын тоқтатса, екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп қаламыз деп қорқады. Дегенмен жерді ластағаны үшін шошқа базасындағы қойма мен сондағы кәріз құбырларын бітеп тастауға сот екі рет шешім шығарған. Ол қазір күшіне енді. Енді ферма қожайыны Гайк Тертерян тергеліп жатыр. Ол қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 миллиард теңге айыппұл төлеуі тиіс. Шошқа фермасында 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығын жұмыспен қамтуға тырысамыз деп сендіреді шенеуніктер. Бірақ оған көнбеген жұмысшылар жиналыс соңында облыс әкімі кездесуге келсін деп тұрып алды. Әйтсе де бұл талабы орындалмады.
- 150 мың айлық аламын. Соны тауып бере ала ма? Үш балам бар. Студент қызым бар. Жолдасым екеуіміз күні-түні осы жақта жұмыс істейміз. Отбасымызды сол ақшаға бағып отырмыз. Неге Оразалин шықпайды? Неге сізді жібереді?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!