{metadescription}
Рауан тұрғындары зауыт құрылысына қарсы шықты – Ақтау
Рауан тұрғындары зауыт құрылысына қарсы шықты – Ақтау

Рауан тұрғындары зауыт құрылысына қарсы шықты – Ақтау

Ақтаудағы Рауан елдімекенінің тұрғындары дәл үйлерінің маңынан  салынатын зауыт құрылысына қарсы. Екі апта бұрын кәсіпкер халықпен кездесу өткізіп, құрылыс жоспарын таныстырыпты. Онда цемент пен бетон шығаратын өндіріс ошағын балалар алаңының жанына салу жоспарланған.

Бұл балаға да, бізге де зиян дейді тұрғындар. Сондықтан жергілікті жұрт шаң-тозаңы көп зауыттың орнына спорт кешені немесе  шағын орталық салынсын дейді. Ал әкімдіктегілер зауыт салу жоспарда жоқ деп ақталды.

Рауан елдімекенінің тұрғындары үйлерінің іргесінен салынатын зауыт құрылысына қарсы. Осыны айтып бірнеше рет ауыл әкімдігіне де барыпты. «Бірақ жанайқайымызды естір құлақ жоқ» - дейді. Тұрғындар цемент зауытының орнына балалар үйірмесін ашса дейді. Себебі, үш мың тұрғыны бар елдімекенде мектеп те, спорт кешені де жоқ екен. Соның кесірінен балалар көрші ауылға немесе Ақтауға барып оқиды. Ауылда былтыр салынған жалғыз ойын алаңы бар. Зауыт дәл соның маңынан бой көтеруге тиіс. Тұрғындардың келісімін алмай, жобасын жүзеге асыруға асыққан кәсіпкер  жер телімін қоршап та қойыпты.  

Баян Үмбетова, Рауан елдімекенінің тұрғыны:

- Бұл зауыт балалар алаңынан 1,5 метр қашықтықта. Балалардың барлығы осында ойнайды. Рауандағы жалғыз алаң. Бүкіл бала осында келеді. Бұл зауыттың құрылысына қарсымыз. Бұрында айналамыздың барлығы зауыт, шаң, топырақ. Иіс келеді. Бұның үстіне бұл зауыт тіпті бізге жақын болып тұр.

Бекмырза Төлеғұлов, Рауан елдімекенінің тұрғыны:

- Бұларда әзірге трансформатор жоқ. Бәрі осы ауылдан алады. Біздің тоқ әлсіз. Ертең бәрін бізден алады. Ол болмайды ғой. Тоңазытқыш күйіп кетіп жатыр. Әнеукүні қайта-қайта жарық сөнді.

Атқамінерлердің айтуынша, аталған үш гектар жер қаланың бас жоспарына сәйкес өндірістік аймақта тұр екен. Заң аясында зауыт, цех сала беруге болады. Былтыр жеке кәсіпкерге үш жылға жалға берілген. Бірақ ол әлі зауыт салатынын айтып, біздің алдымызға келмеді деп отыр.

Абылай Бекмағамбетов, Ақтау қаласы жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бізбен жобалау алды, ал құжаттамаларын рәсімдеген жоқ. Бізге зауыт саламын деп рұқсат сұрап келген жоқ.  Жер учаскесіне орналастырылатын нысан жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келу керек. Жобаланатын құрылыс нысаны заңмен белгіленген тәртіппен қала құрылысына сәйкес жасақталу керек. Ол жерде заң талабына сай жобалау құжаттарын рәсімдейді. Одан кейін жұмыс жоспары міндетті түрде сараптамадан өткізіледі.

«Қазір қолдан келетіні тек тұрғындардың өтінішімен мониторинг жүргізу», -дейді әкімдіктегілер. Егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, құзырлы органға хат жолдаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде