Қостанай облысында былтыр ғана төселген жолды қар суы шайып кетті
Қостанай облысында былтыр ғана төселген жолды қар суы шайып кетті. Жауапсыз жол қызметкерлерінің сауатсыз жұмысының салдары алғашқы көктемде-ақ ашылып отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
12.04.2021
Қар суының жайылып жолды да басып қалғаны былай тұрсын, былтыр ғана төселген жолдың сапасын да көрсетіп берді. Бұл Қостанай облысындағы Әулиекөл-Жалдама тасжолы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, былтыр ғана салынған. Қар суының кесірінен көлік қатынасын тоқтатуға тура келген. Ал облыс әкімдігі бұл жолдың жөндеуіне қанша қаржы жұмсалғанын және мердігерді атаудан бас тартты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!