Суда қалған ауыл тұрғындары үйіне орала бастады – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысындағы су астында қалған ауыл тұрғындары үйіне орала бастады. Еріген қар суы Новопокровка ауылын басып қалған болатын. Тасқыннан 90 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың арасында 18 бала бар.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.04.2021
Сай-саладан сарқырап аққан қызыл судың деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілген. Қас-қағым сәтте жұрттың қора-қопсыларын басып қалды. Тіпті кейбірінің баспанасына да су кірген. Дегенмен кешелі бері тасқынның беті қайтып, жұрт үйіне орала бастады. Абдырап қалған кей тұрғындар әлі де туысын паналап жүр. Қазір қызыл судан келген шығын көлемі анықталып жатыр. Мамандар дүние-мүліктің қатты бүлінбегенін мәлімдеді.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
- Қазір қорғаныс бекеттерін салып жатыр. Жағдайға толық мониторинг жасалған. Бақылауға алынды. Тұрақталып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!