Экологияға 2 миллиардтан астам шығын келтірген браконьерлер ұсталды – БҚО
Батыс Қазақстан облысында қоршаған ортаға 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер ұсталды. Бөкейорда ауданының үш тұрғыны дала еркесінің 800 дана мүйізін көлікке тиеп алған екен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
12.04.2021
Күдіктілер: «Біз киіктерді атпадық, тек өліп жатқандырының мүйізін кесіп алдық» - деп ақталыпты. Өздері бұл кәсіппен былтыр күзден бері айналысатын көрінеді. Бірақ бұл уәжге тәртіп сақшыларын иландыра алған жоқ.
Қазір үш жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінігі тергеу басталып, ірі көлемдегі мүйізді сатып алушылар да іздестірліп жатыр. Полицейлер бірнеше сараптаманың тағайындалғанын мәлімдеді. Соның негізінде табиғат қаскөйлері киіктерді өздері атып алды ма, әлде өлекселердің мүйізін терді ме, сол жағы анықталады. Қалай болғанда да жазадан құтылмайды. Өткені Қызыл кітапқа енген түз жануарына тиіскеннің жазасы қатал. Ал қолға түскен күдіктілердің қоршаған ортаға келтірген шығын көлемі 2 миллиардтан асқан.
Болатбек Белгібеков, БҚО ПД баспасөз хатшысы:
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, киікті, оның бөлшектерін заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жіберу, тасымалдау немесе жоюмен айналысқаны үшін, кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылып, 3 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!