Ақтөбе облысында газ балоны жарылысынан жеті адам ауруханаға түсті
Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып жеті адам зардап шекті. Олардың үшеуі – бала. Оңбай күйіп қалған бүлдіршіндер аудан ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.04.2021
Оқиға Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылында болды. Үйдің кіреберісінде бес литрлік пластикалық бөтелкеге құйылған газ конденсаты жарылған. Жер үйдің бір жақ қабырғасы құлап, төбесі де опырылып ортасына түскен. Ал жарылыс кезінде үйде болған екі ер адам мен екі әйел де үш баламен бірге аудан ауруханасына жеткізілді. Барлығының денесі күйіп қалған. Науқастардың жағдайы орташа дейді дәрігерлер.
Аслан Арзымбетов, Ақтөбе облысы ТЖД басқармасының бас маманы:
- Тұрмыстық газ деген сол конденсаты бар ғой. Газ балонына жиналатын. Сол конденсатты бес литрлік пластикалық бөтелкесімен кіреберіске қойған. Соның нәтижесінеде жарылыс орын алып отыр. Жеті адам ауруханаға жеткізілді, сол үйде болған адамдар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!