Елімізде қымбатшылықпен қоса, халықтың әлеуеті де төмендеген
Қымбатшылықпен қоса халықтың әлеуеті де төмендеп кеткен. Статистикаға сүйенсек, биыл табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз тұрғындардың саны 20 пайызға өскен, яғни айлық кірісі 42500 теңгеден аз. Осыған қарамастан еліміз байлардың да көбею қарқынында алғашқы ондыққа кіреді.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.04.2021
Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің қатары күн санап артпаса, азаяр емес. Мәселен, бір жыл бұрын табыссыз үйде отырғандар саны 12% -ды құрапты.
Биыл бұл көрсеткіш 20 пайызға өскен. Елімізде қазір 850 мыңнан аса адамның тұрақты табысы жоқ.
Күнін әзер көріп жүргендердің көшін Түркістан облысы бастап тұр. Тіршілігі қыз-қыз қайнаған аймақта 28 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Екінші орындағы Алматы қаласында да 15 мыңнан аса адамның кірісі жоқ.
Үштіктегі Шығыс Қазақстан облысында 11 мыңнан аса тұрғынның күнкөрісі төмен.
Елімізде кедейлермен қоса, бай-бағландардың да үлесі өскен. Әлемде бір жылда дәулеті артқан 520 мыңнан астам қалталылар бар екен. Бұл көрсеткіш бесм жылда тағы 27 пайызға көтеріледі деп күтілуде. Ал елімізде 33 пайызға өседі деп болжануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!