Бағаны бірқалыпты ұстап тұра алмағандарға – қатаң сөгіс
Бағаны бірқалыпты ұстап тұра алмаған. Жамбыл мен Атырау облыстарында әлеуметтік маңызды азық түрлері 3-4 пайызға қымбаттап кетіпті. Президент қатаң тапсырма беріп, Үкімет арнайы Жол картасын қабылдаса да, аталған өңірлер базардағы бағаны бірқалыпты ұстап тұра алмаған.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.04.2021
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Кейбір өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. 6-сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% орын алды. Ең аз 2,9% өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бағаның өсуіне жол бермеу атқарушы органдардың маңызды көрсеткіші. Жоғарғы өсім қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Соған байланысты премьер-министр Атырау мен Жамбыл облыстары әкімдерінің азық-түлік саласына жетекшілік ететін орынбасарларына қатаң сөгіс жариялады.
Биыл жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2% өсім көрсеткін. Былтыр осы кезеңде баға шамамен 5 пайыздай қымбаттаған. Оған сол жылғы наурыз айындағы карантин деп елдің дүрлігуі де себеп болды. Соған байланысты қабылданған жедел іс-шаралардың нәтижесінде бағалардың өсімі тұрақтанды. Министрлік келтірген деректе биылғы наурыз айында баға бір деңгейде тұрған. Тек соңғы үш аптада 0,2 пайыз өсім бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!