Оразаға қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабы
«Қызыл» аймақтағы өңірлерде тарауық намазын жамағатпен мешіттерде оқуға тыйым салынды. Діни басқарма өкілдері оны үйде оқуға кеңес беріп отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.04.2021
Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:
- Жағдай аса мәз емес, «қызыл» аймақтамыз. Сондықтан бүкіл жамағат кешкі уақыт тарауық намазын үйде, отбасында немесе өзі жеке оқуға кеңес береміз. Алматы мешіттерінде тарауық намазы жамағатпен өткізілмейді.
Індет өршіп тұрған аймақтардағы мешіттерде ауызашар дастарқаны жайылмайды. Үйде де көп адам жинамаған абзал. Рамазан айында Құранды бастан аяқ оқып, хатым ету де онлайн форматқа ауыстырылған. Азаматтардың Ораза туралы көкейтесті сұрақтарына діндарлар қашықтан жауап береді.
Коронавирустың таралуы бойынша қауіптің «сары» және «жасыл» деңгейіндегі өңірлерде тарауық намазы мешіттерде оқылады. Тек санитарлық талап қатаң сақталуға тиіс.
Ораза 13-сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Ал 8-мамырдың 9-мамырға қараған түн – Қадір түні. Пітір садақа ұн бағасын ескере отырып жан басына 420 теңге болып бекітілді. Оны мешітке барып төлеуге, не есепшотқа аударуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!