Орал-Атырау тас жолында үш тонна балық тиеген браконьер ұсталды
Орал-Атырау тас жолында үш тоннаға жуық балық тиеген браконьер ұсталды. 46 жастағы азаматтың көлігін тінткен кезде бекіре де табылған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.04.2021
Күдікті заңсыз ауланған балықты он шақты қапшыққа бөліп салыпты. Оның 2,5 тоннасы ұсақ балық, 50 келісі бекіре болып шықты. Бірақ ешқандай рұқсат қағазын көрсете алмаған.
Заңсыз жолмен тасымалданған тауарға табиғат қорғау полицейлері қылмыстық іс қозғады. Енді балықшы 450 мың теңге айыппұл төлейді, немесе 40 тәулікке қамалуы мүмкін. «Күн жылынып, мұз ерігелі заңсыз балық аулашылар көбейіп кетті, - дейді тәртіп сақшылары.
Сәбит Жасталапов, БҚО ПД басқармасының табиғат қорғау испекторы:
- Төрт қылмыстық іс қозғалып, 4 тонна 408 килограмм ұсақ тұқымды балық, 51 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді. ҚР әкімшілік кодексінің 308 бабымен балық аулау ережесін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!