{metadescription}
Дәмханада атысып адам өлтіргендер сотталды – Шымкент
Дәмханада атысып адам өлтіргендер сотталды – Шымкент

Дәмханада атысып адам өлтіргендер сотталды – Шымкент

Шымкентте дәмханада атысып адам өлтіргендер сотталды. Ас ішуге келгендерге қару кезеніп, атып тастауға әмір берген бас күдікті 18 жыл арқаласа, жанындағы серігі 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір қос сотталушымен бірге болған тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр.

Әбинұр Қарабаев, судья:

Атыстан бір азамат дәмхана ішінде көз жұмды. Оның жанында болған екі жігіт ауыр жарақат алса, тағы біреуі орта дәрежеде жарақаттанған. Сотталушыларға ауыр айып тағылды. Екеуі де жазасын тәртібі барынша қатаң колонияда өтейді.

Қанды қылмыс 2019 жылдың күзінде болған. Қылмыскерлер өзара ақша бөлісе алмай атысқан. Бір топ басбұзар қаржы пирамидасын құрып салымшыларды алдаған әйелге қысым көрсетіпті. Салған ақшаны қайтаруды талап еткендер қарсы тарапты дәмханаға шақырған. Қаржы пирамидасын құрған басшысы да қарап тұрмай, өзінің таныстарын ерте келген. Ақыры екі жақтың әңгімесі жараспай, кафеде бір-біріне оқ жаудырған. Атыстан бір адам өліп, тағы үшеуі жарақат алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде