{metadescription}
Бірқатар мұсылман елдері Оразаны келесі күнге қалдырды
Бірқатар мұсылман елдері Оразаны келесі күнге қалдырды

Бірқатар мұсылман елдері Оразаны келесі күнге қалдырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Ораза биыл екінші рет карантин жағдайында өтіп жатса да, бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеріп шығатынымызға сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күллі мұсылман қауымына рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Өкінішке қарай биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Рамазан айы бүгіннен бастап 12-мамырға дейін тура 30 күн бойы жалғасады. 13-мамыр – Ораза айт күні. Қадір түні мамырдың 8-інен 9-ына қараған түніне дөп келеді.

Кейбір мұсылман елдері қасиетті айдың басталуын ауа райының қолайсыздығынан келесі күндерге қалдырып жатыр. Мәселен, Сауд Арабиясында қатты шаң көтеріліп, жаңа айдың туғанын көре алмаған. Соған байланысты Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде де Ораза айы бүгін басталмайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, ораза ұстайтын адамға вакцина қабылдауға болады. Аузы берік адам коронавирусқа шалдықса, әрі қарай оразасын жалғастыруы немесе тоқтата тұруы дәрігердің кеңесіне байланысты. Діни парызын өтеп жүргендердің ПТР-тест тапсыруына да шектеу дініміз рұқсат береді дейді мүфтилер.

«Қызыл» аймақтағы мешіттерде ауызашар берілмейді және тарауық намазы оқылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде