{metadescription}
Сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі
Сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі

Сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі

Алдағы бес жылда әкімдерді сайлауға 17 миллиард 600 миллион теңге бөлінеді. Қаржы аудан деңгейіндегі қала мен ауыл және ауыл округтерінің әкімін сайлауға жұмсалады. Мәжіліс партиялардың парламентке өтуіне шекті көрсеткішін 7-ден 5 пайызға түсіруді көздейтін заң жобасын қарастырып жатыр.

Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, ол шығын жергілікті бюджетке түседі. Дегенмен биылдан бастап екі жыл бойы Орталық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады. Биыл 800 әкімді сайлауға 4 миллиард 800 миллион теңге бөлінеді. 2023 жылдан бастап ол жергілікті бюджеттердің өз шығынының қатарына кіреді.

Мәжілісте бүгін «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу басталды. Ол өзгертулер партиялардың парламентке өтуіне шекті көрсеткішін 7-ден 5 пайызға түсіруді көздейді.

Сайлау бюллетендеріне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Әкімдер сайлауы 40 күн ерте жарияланады. Әрі қызметтегі әкімнің мерзімінің аяқталуына он күн қалғанда өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлау өтетіндігі жарияланған күннің ертеңінде басталады. Оны партиялар ұсынады. Өз-өзін ұсынушылар сайлаушыларының кемі 1 пайызының қолын жинап келуі керек.

Қанат Мусин, Мәжіліс депутаты:

- Бұл әр қазақстандыққа еліміздің саяси өміріне атсалысуына мүмкіндік береді. Оның үстіне ауыл әкімдері саны көп корпус. Елімізде 2 мыңнан аса ауыл әкімі жұмыс істеп жатыр. Осы 2021 жыл мен одан кейінгі төрт жылда сол әкімдердің бәрі қайта сайлануы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде