Жаппай вакциналауға еріктілер де қосылды – Алматы
Алматыдағы жаппай вакциналауға еріктілер де қосылды. Осыған дейін қалада мыңға жуық ерікті екпе жұмысына тартылған. Белсенді жастар арасында медициналық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері бар.
Автор: Мақсат Мәлік
13.04.2021
Мамандардың айтуынша, медициналық емес білім ордаларының студенттері де еріктілер қатарына қосылған. Олар вакцинация пунктерінде бептерде режимінің сақталуы, әлеуметтік қашықтықты қадағалау секілді үйлестіру шарасын жүргізеді. Дәл қазір қаладағы 91 емхана, ойын-сауық орталықтары мен базарлардағы екпе орталықтарында 364 ерікті мен арнайы шақырылған мамандар қызмет атқарып жатыр. Қалғандары қосымша құрамның тізіміне енгізілген. Колледж студенттері диплом алдында тәжірибеден өту мақсатында еріктілер қатарын толтырыпты.
Жәнібек Солтанай, Алматы қаласының жаппай вакциналау штабы еріктілерінің үйлестірушісі:
- Медицина колледждерінің шешімімен дипломға дейінгі тәжірибені олар осы вакциналау пункттерінде өтетін болады. Ал медицналық жоғары оқу орындары мен оқу орындарының студенттері сабақтан бос уақытта вакцина орталықтарында қызмет атқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!