ПТР-тестің болмаса, ұшаққа отырғызбайды
Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесті болмаса, қазақстандықтар да енді ұшаққа отырғызылмайды. Қатаң шектеу 14- сәуірден бастап күшіне енеді және ол тек халықаралық рейстерге қатысты.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.04.2021
Былтыр қазан айында Қазақстанға келетін шетелдіктерден ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтама талап етілген болатын. Енді дәл осындай құжат ел шекарасына өтетін барлық жолаушыдан да сұралады. Шетелде жүрген ел азаматы сақтандыру полисі болмаса, өз қалтасынан ақша шығарып тест тапсыруы тиіс. Анықтама әдеттегідей үш күнге ғана жарамды. Ал егер ПТР нәтижесі оң болған жағдайда, Қазақстан азаматы сол елде емделеді.
Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:
- Кез келген мемлекетке барар алдында виза әзірлейсіз. Сақтандыру полисін алмаған жағдайда сізге виза берілмейді. Сол себепті өз визаңызбен еміңізді қабылдайсыз. Бірақ кейбір мемлекетте визасыз да бұл инфекциялық аурудан тегін емдейді. Бұл қаулы бойынша, кез келген азамат барған жерінде ПТР-тесттен өтуі керек. ПТР-тесттен өтпеуге тек қана 5 жасқа дейінгі балаларға рұқсат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!