{metadescription}
Алматыда  ұлт қамын жақсартуды көздейтін жәрмеңке ашылды
Алматыда  ұлт қамын жақсартуды көздейтін жәрмеңке ашылды

Алматыда  ұлт қамын жақсартуды көздейтін жәрмеңке ашылды

Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Дәстүрлі республикалық байқауға биыл 220-дан аса жұмыс келіп түскен. Қазіргі кесел кеулеген тұста адам денсаулығына қатысты көптеген жобалар да доданың көркін қыздырған. Ұлт қамын жақсартуды көздейтін жәрмеңкені Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырып отыр. 

Байқауда бағын сынап жатқан жобаның бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті мектеп. Арманы асқақ, алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың білімін шыңдап, ары қарай жаны қалаған жұмысқа орналасуына жол ашылмақ. Бастама үш айда 20 адамды оқытуды көздеп отыр.

Сәуле Алпысова, «Reliance» Қоғамдық қорының директоры:

- Бұл мектеп мүгедек адамдар арасынан БАҚ құралдарында жұмыс істейтін медиа продюсерлерді дайындау. Олар тек өздерінің цифрлық емес, ақпараттық емес, және өз құқықтарын білу керек. Қоғамның көзқарасын өзгерту үшін мамандарды дайындаймыз. Олар бәсекеге қабілетті маман ретінде БАҚ өкілдерінде жұмыс жасауға мүмкіндік жасаймыз деп, осы мектепті ұсынып отырмыз.

Биылғы байқау тағы да карантинге тұспа-тұс келіп, барлық қатысушылардың жобалары онлайн қабылданыпты. Жаһандық түйткілдерді шешу ісіне үлес қосуға арналған жәрмеңкеге 221 жұмыс ұсынылған. Оның 50-і іріктеліп, үздік деген 10-ы таңдалып алынады.  

Гүлнар Ершіманова, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жобаларының бас үйлестірушісі:

- Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі биылғы жылы алғаш рет үлкен Әлеуметтік жобалар форумы аясында өткізіліп отыр. Тақырыпқа сәйкес экология проблемаларын шешу, балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау, саяси азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғау. Адамдардың денсаулығын қорғау – сондай мәселелерді шешеді.

Жәрмеңенің басты мақсаты – табыс көзін ашып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып, қоғамның аз қамтылған мүшелеріне көмек көрсету.

Арнайы марапаттау сәуір айының 23-і күні Әлеуметтік жобалар форумында өткізіледі. Үздік деп танылған жобаларға Нұрсұлтан Назарбаев қорының арнайы гранты бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде