Павлодар облысында биткойн өндіретін майнинг ферма өртенді
Павлодар облысында биткойн өндіретін майнинг ферма отқа оранды. Бірақ тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз. Тәртіп сақшылары оны анықтап жатыр. Оқыс жағдайдан жапа шеккендер жоқ.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.04.2021
Солнечный ауылының тұрғындары тілсіз жауды түс ауа байқапты. Сол маңдағы майнинг фермадан шыққан түтін айналаны түгел басып қалған. Алыстан көрінетін алапат жайында бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Оқиға орнына 14 құтқарушы жетіп, тілсіз жау екі жарым сағатта әрең ауыздықталды. Криптовалюта өндірушілеріне қанша шығын келгені әзірге айтылмады. Белгілісі, бір биткойнның құны 60 мың доллардан жоғары сатылуда.
Ернұр Өтегенов, Павлодар облысы ТЖД бастығы:
- Гидроэлетр стансасы маңындағы майнингпен айналысатын компания кеңсесінің 150 шаршы метрі жанып кеткен. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!