Жерге қатысты заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жіберілді
Шетелдіктерге және қандастарға жерді сатуға тыйым салатын және жалға беретін заң жобасын бүгін Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді. Депутаттардың ұйытқы болуымен бұл құжаттағы 5 заңнамалық акті толықтырылып, өзгертілген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.04.2021
Жер туралы заң қабылданған жағдайда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шетелдіктердің дәмесі болмайды. Тіпті мораторий енгізілгенге дейін шетел азаматтарына берілген және жекенің қолына өткен жер толық мемлекетке кері қайтарылады.
Қандастарға да заң қатаң. Оларға Қазақстан азаматтығын алғанға дейін ауыл шаруашылығы жерлері жалға берілмейді. Бірақ қандастардың жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысына жер учаскесін алуға мүмкіндігі бар.
Қазақстанда жер туралы әңгіме бес жыл бұрын айтылған болатын. Сол кезде жерді шетелдіктерге сатуға халық қарсы шығып, ақыры мораторий енгізілген. Заңның атышулы баптарына қатысты енгізілген шектеудің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!