{metadescription}
Баспана құны маусымда тұрақталады
Баспана құны маусымда тұрақталады

Баспана құны маусымда тұрақталады

Баспана құны маусым айында тұрақталады. Бірақ жылжымайтын мүліктің құнын арзандату мүмкін емес екен. Өйткені құрылыс материалдары бойынша импортқа тәуелділік жойылмайынша, баспана құнын арзандату жайлы айту құр әурешілік дейді индустрия министрлігіндегілер.

Жалпы жыл басында ескі үйлердің құны 17 пайызға, жаңаларының бағасы 3 пайызға қымбаттап кеткен. Ал наурыз айында тағы екі пайызға өскен. Бұған зейнетақы қорын баспана алуға жұмсау мүмкіндігінің іске қосылуы айтарлықтай әсер етіпті. Елде 500 мыңнан астам адам үйге, ал 1 миллионға жуық қазақстандық жер теліміне кезекте тұр.Индустрия министрлігі баспана ахуалын мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешпек.

Жуырда ғана әйелдерге арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылды. «Отбасы банкі" мамандарының айтуынша, келіншектер несие алғанда ерлерге қарағанда жауаптырақ әрі кешіктірмей төлейді. Тіпті баспанаға депозит ашқандардың 50 пайыздан астамы – әйелдер. Ал баспана құны жаз айларында ғана тұрақталады деп күтілуде.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

- Өз өнімімізді шығару керек. Өйткені бізден шығып жатқан өнім бағасы қатты қымбаттаған жоқ. Жалғыз қымбаттағаны – арматура. Былтыр құрылыс компаниялары 33 пайызға көтеріліп кетті деп шырылдады,. Қазір шыны зауыты, сіздер білесіздер, шыныны 100 пайыз шетелден әкелеміз. Бірақ биыл Қызылордада шыны зауыты салынып бітсе, бар өнім өзімізден шығарылады. Сол уақытта ғана үйлердің бағасы тоқтап, арзандай ма деп сеніп отырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде