Вакцина: ДСМ әлі бірде-бір шетелдік компаниямен келісімге келмеген
Сәуір айының соңына дейін 2 миллион қазақстандықты егіп боламыз деген министрлік әлі бірде-бір шетелдік компаниямен келісімге келмеген. 500 мың доза вакцинаның нақты қай елден алынатыны әлі белгісіз. Ал 900 мыңнан астам екпе Қарағандыда өндіріледі деп жоспарланып отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
14.04.2021
Екпе жасау қарқын алғанымен, әзірге эпидахуалға әсері байқалмайды. Қазақстан екі апта бойы «қызыл» аймақта тұр.
Елдегі эпидахуал күрделі. Сәуір айының басынан бері 29 мыңнан астам азамат коронавирус жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі пайызға жоғары деп отыр мамандар. Бүгінде 8 өңір «қызыл» аймақта, 4-уі – «сары», ал екі-ақ өңір «жасыл» аймақта тұр.
Вакциналаум барынша қарқын алған. Бүгінде тәулігіне 50 мың адам егіліп жатыр. Әзірге 435 мың адам бірінші компонентті қабылдаған. Айдың соңына дейін екі аптадай қалғанына қарамастан, денсаулық министрлігі 2 миллион қазақстандықты егіп үлгереміз отыр. Әзірге екпенің жиілігіне қатысты нақтылық жоқ. Себебі, қалыптасатын антиденелердің өміршеңдігіне байланысты нақты ақпарат та жоқ.
Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы:
- «Спутник V» вакцинасын шығарып отырған Гамалея атындағы институтындағылардың айтуы бойынша, екі жылға шейін жетуі мүмкін дейді. Енді ол сұрақты қазір естіп, көріп жатырсыздар қазір ол қаралып, зерттеліп жатыр. Бірақ бір жылда екі рет алу деген жоқ. Екі жыл деп отыр, бірақ біз бір жылға толық жетеді деген толық сенім бар.
Министрлік уәде еткен 2 миллион адамды егуге қазір 500 мың доза вакцинаға шетелдік компаниялармен келіссөз жүріп жатыр. Уақыт таяп қалғанына қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі әзірге бірде-бір компаниямен келісімге келмеген, тіпті нақты қай вакцинаны алатынын да білмейді. Ал Түркияда өндірілетін қазақстандық екпе бойынша, жұмысына түрік мамандарға нақты қанша төлейтіні де әзірге белгісіз.
Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- «Қарағандыдағы зауытта неліктен өндірілмейді?» деген сауал жиі қойылады. Себебі, біздің елдегі зауытта екінші деңгейлі патогендік қауіпсіздік жоқ. Сондықтан Түркияда тоқталдық. Ал жалпы қанша қаржы жұмсалатынын алдағы уақытта ресми түрде жариялайтын боламыз.
Вакцина өндіріп береді деген Түркиямен арада әуе қатынасы қысқыртылуы мүмкін. Себебі ол жақтағы эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Ведомствоаралық комиссия бұл мәселені әлі қарастырып жатыр. Нақты қанша рейс қысқартылатыны әзірге белгісіз.
Вакцина қабылдап екпе куәлігін алғандардан ұшақ бортына отырарда ПТР- сынама міндетті түрде талап етіледі. Себебі, егілген адамның бойында вирус болуы әбден мүмкін дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!