{metadescription}
Елорда ортасында Сақ алаңын салуға ұсыныс түсті
Елорда ортасында Сақ алаңын салуға ұсыныс түсті

Елорда ортасында Сақ алаңын салуға ұсыныс түсті

Ұлттық мұра ұлықталсын. Отандық дизайнер Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан Сақ алаңын салуды ұсынды. Ол тарихи туындының үлгісін жасап, бас қаламызда мәдениетімізді төрткүл дүниеге танытатын кешен болуға тиіс дейді.  

Қаладағы қалашықтың үлгісі дайын. Оны жасап шығуға Мансура Жәкеннің жарты жылы кетіпті. Алаңның жоғарыдан қарағандағы көрінісін «Алтын адамның» бас киіміне ұқсатқан. Ал шатыры ежелгі Сақ дәуірінің жебе үлгісінде жасалған. Жобада бірнеше тарихи сәулет нысандары бар. Соның бірі – Tomiris бизнес-орталығының ғимараты. Ол  алқа – ұлттық әшекейі түрінде кескінделіп, аң стилінде орта ғасырдағы Ұлы Жібек жолына жалғасқан.

Көздің жауын алатын бастама биіктігі жағынан да қаладағы өзге ғимараттарды басып озады. Жобаның авторы, шет мемлекеттер секілді өзімізде де тарихымыздан сыр шертетін мәдени мұраның көптеп бой көтеруін қалайды. 

Мансура Жәкен, жобаның авторы:

- Ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, дәстүрлерімізді көрсетіп, сол кездегі аң стилін архитектураға енгізіп, заманауи түрде көрсету мақсат. Әр қаламызда біздің ерекше қайталанбас қазақи кодымыз болса деп ойлаймын. Шетелден келген қонақтар әуежайдан шыға сала, қай елге келгенін сезінуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде