{metadescription}
Алматыда тұрғындар балалар алаңының сүрілуіне қарсы
Алматыда тұрғындар балалар алаңының сүрілуіне қарсы

Алматыда тұрғындар балалар алаңының сүрілуіне қарсы

Балалар алаңын бұзуға жол жоқ. Алматыда бір топ көпбалалы ана осылай қарсылық білдірді. Әкімдіктен араша сұрағандардың сөзінше, аядай ауладағы балалар ойнайтын жалғыз орын сот шешімімен сүріліп тасталмақ. Өйткені жер телімі жеке меншіктің қолына өтіп кеткен көрінеді.

Ал ашулы жұрт есік алдындағы алаңқайдың қалайша біреудің меншігіне айналғанын түсінбей әлек.

Зара Қалдыбекқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Кішкентай ғана аядай жерді біздің балаларымыздан қалай алады? Жүрегім ауырып тұр. Немерелерім осы жерде ойнайды. Алғаннан кейін қайда барамыз? Мына жерде құрылыс жүріп жатса, қасынан неше түрлі жүк көліктері өтеді, балаларға қауіп төнеді.  

Отыздан астам отбасы тұратын көпқабатты үйдің аймағы кезінде Алматы облысының құрамында болған. Ал балалар алаңы орналасқан жер телімі 2005 жылы жекенің қолына өтіп кетіпті. Бірақ аталған шағын аудан кейін қаланың құрамына қосылғанда көпқабатты үйдің құжаты толық түгенделмеген. Тіпті ештеңеден хабарсыз жергілікті әкімдік бес жыл бұрын балалар алаңын жаңғыртып, жаңа құрылғылар орнатады. Өкінішке қарай, тұрғындар алаңқайдың жекеменшік иелегінде екенін былтыр ғана анықтапты. Содан бері талай рет сотқа жүгінгенімен, еш нәтиже шықпаған. Енді жер телімінің заңды иесі сот шешімімен балалар алаңын бұзып тастауды талап етіп отыр. Осылайша аядай ауласындағы балалардың жалғыз алаңынан қағылғалы тұрған ата-аналар әкімдіктен мәселенің оң шешімін табуды сұрайды. Ал заңнан аттай алмаймыз деген шенеуніктер  тұрғындарға жұбату айтуымен шектелді.

Әділет Әліпбеков, Бостандық ауданы коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Ерменсай ықшам ауданындағы тұрғындар балалар алаңынсыз қалмайды. Себебі, балалар алаңының жартысы мемлекеттік жер телімінде орналасқан. Жекеменшік тұлғаның жер телімінде орналасқан балалар алаңы солтүстік бөлігіне көшіріліп, аталған аулаға жалғастыратын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде