Павлодарда қырылған балықтың иісі қолқаны жарады – Павлодар
Павлодардың іргесінен ағып жатқан өзен маңын қолқаны жаратын сасық иіс алып кетті. Себебі: жағаға шығып өлі балықтар шіри бастаған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.04.2021
Өзен жағасында қырылып жатқан үлкенді-кішілі сазан, табан, тұқы балықтарын алғаш осы маңдағы тұрғындар байқапты. Олар Тяпка өзеніне жергілікті кәсіпорындар улы қалдықтар төгуі мүмкін дейді. Өзен суы қатып қалып, балықтар тұншыққан деген де болжам бар. Мамандар қазір балықтың нақты неден қырылғанын анықтау үшін су құрамын тексеруде. Нәтижесі тек бір аптадан кейін белгілі болады.
Нұржан Қазтай, Павлодар облысы балық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Эколог мамандармен бірге судан сынама алдық. Балықтардың қырылу себебі енді сараптамадан кейін белгілі болады. Оған 7-10 күн уақыт керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!