Ақтауда Rixos директорына 4,5 миллион айыппұл салынды
Карантин кезінде концерт ұйымдастырған. Ақтауда жүздеген адамды жинап музыкалық топтың концертін ұйымдастырған Rixos қонақ үйінің директорына 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Автор: Айман Нұрмағанбет
15.04.2021
Әлеуметтік желіде желдей ескен видеодағы концерт Ақтаудан 20 шақырым жердегі демалыс кешенінде болған. Үш әншіден құралған музыкалық топтың кешінде ине шаншар жер болмаған. Ал сахна мен көрерменнің арасы екі метрден аспайды. Әуенге еліткен көрермен карантин талаптарын мүлде ұмытқан. Ауру өршіп тұрған кезде сауық-сайран ұйымдастырған қонақ үй басшысына мониторинг топ 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
Әсима Жарылғасова, Ақтау қаласының бас санитар дәрігері:
- Әлеуметтік желіден Ақтаудағы ірі демалыс кешінінде концерт ұйымдастырылғанын көрдік. Біздің мониторинг топ бұл жағдайды назарға алып, хаттама толтырып, нысан иесі жауапкершілікке тартылды. Егер айыппұлды бір аптаға жеткізбесе, 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!