{metadescription}
Іздеу: Алматыда екі жасар қызын жетектеген жүкті келіншек жоғалып кетті
Іздеу: Алматыда екі жасар қызын жетектеген жүкті келіншек жоғалып кетті

Іздеу: Алматыда екі жасар қызын жетектеген жүкті келіншек жоғалып кетті

Алматыда бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған анасы мен қызы табылмай жатыр. 9-сәуірде үйінен дүкенге шыққан Сәния Түсеева мен оның екі жасар қызы Самира сол күйі оралмаған. Қолында кішкентай баласы бар келіншекті еріктілер тобы мен тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Ислам Угушев, ерікті:

- Телефоны әлі күнге дейін өшірулі. Іздестіру қаланың әр жерінде жүргізіліп  жатыр. Әйелді біз жақсы танимыз. Сондықтан барымызды салып, күні-түні іздейміз. Ол шаһардың сыртына шықпады деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік желіде «Сәнияға қатты ұқсайтын әйелді көрдік» деген хаттар көп келіп жатыр. Жоғалған әйел мен оның қызын көрген-білген адам болса, хабар беруді сұраймыз.

26 жастағы әйелді соңғы рет Сәтпаев пен Достық көшелерінің қиылысында көргендер бар. Еріктілер тобы мен туыстары табанынан тауысылып сол маңдағы хостел мен қонақ үйді, жалға берілетін пәтерлерді түгел сүзіп шыққан, бірақ таба алмапты. Енді олар адам нөпірі көп жерлерді аралап, бір хабар болып қалар деген үмітін үзбей отыр. Жетектеген қызымен қоса, әйелдің құрсағында сегіз айлық сәбиі бар.

Сәния Түсееваның күйеуі үйден безетіндей арамызда жанжал болмады деп сендірді. Қазір келіншектің жақындары да қол қусырып отырмай, жан-жаққа сұрау салып жатыр. Тәртіп сақшылары да жоғалған ана мен қыздың тезірек табылуына барын салуда.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Сәния Түсееваның із-түзсіз жоғалғаны туралы мәлімет күні кеше  жарынан келіп түсті. Қазір іздестіру ісі қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Қолындай кішкентай баласы бар әйелдің аман-есен табылуына бар күшімізді жұмсап отырмыз. Іздестіру шаралары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.