{metadescription}
Балқашта мемлекеттік орман қоры өртеніп жатыр – Алматы облысы
Балқашта мемлекеттік орман қоры өртеніп жатыр – Алматы облысы

Балқашта мемлекеттік орман қоры өртеніп жатыр – Алматы облысы

Дала өрті дес бермей тұр. Алматы облысының Балқаш ауданында мемлекеттік орман қоры аумағы өртеніп, алапат жалын балық аулау аймағына дейін жеткен. Жеке кәсіпкерлердің коттедждері мен кемелері жанып кетті. Денесін күйік шалған бір адам ауруханаға жеткізілген.

Балқаш ауданында қураған шөп пен қамыс 12-сәуірде өртене бастаған. Далалы жердегі өрттің бірнеше ошағы бар. Ал кеше қызыл жалын ерекше қорғалатын Іле-Балқаш резерватының аумағына жетіпті. Жергілікті тұрғындар мұның нағыз экологиялық апат екенін айтуда. Көл жағасындағы қамыс пен жүздеген гектар жердегі құрғақ шөп жанып кеткен.

Тілсіз жаудан екі балық аулау аймағы жойылыпты. Ондағы 6 коттедж бен 6 моторлы қайық күлге айналды. Тілсіз жау әлі де ырық берер емес. Енді туристік базалар мен шаруа қожалықтарына қауіп төнді.

Төтенше жағдайдан келген шығын мен өртке оранған аумақ от ауыздықталған соң есептеледі. Әзірге тек 20 гектар аумақтағы өрт сөндірілді.  Апат орнына Қапшағай қаласы мен Бақанас ауылдарынан өрт сөндіру қызметі жұмылдырылған. Далалы жерде байланыстың жоқтығы да төтеншеліктердің жұмысын қиындатып тұр.

Аян Мейраш, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

- 15-сәуірде өрт екпіндеп, Іле-Балқаш республикалық табиғи резерватына кіріп жетті деген хабар бар. Өрт таралуының негізгі себебі – жел.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде