Сауда орталығында екпе салдыруға жұрт күдікпен қарайды – Қарағанды облысы
Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцина ірі сауда орталығында да салына бастады. Алайда мұндай жерде екпе жасатуға жұрт күдікпен қарайды дейді дәрігерлер.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
15.04.2021
Айсара Сейтқамза, дәрігер:
- Бірінші, дәрігерлік кеңес алады. Біз оларға осы жерде барлығын көрсетеміз, барлығы стерильді. Кейбіреу екпе ресейлік емес деп күдіктенеді. Осының барлығын істегеннен кейін туыстарын шақырады. Кеше бүкіл отбасымен алды, ддостарын шақырды.
Қарағанды облысында бүгінге дейін 31 мыңнан аса адамға екпе жасалды деген ресми ақпарат бар. Оның 8 жарым мыңы вакцинаның екінші компонентін салдырған. Дәрігерлер кейінгі күндері екпе салдыруға келетіндердің қатары артқанын атап отыр. Тіпті кейбір емханаларда ұзын-сонар кезек далаға дейін созылған. Сондықтан қаладағы сауда орталықтарында екпе кабинеттері ашылған. Кешеден бері екі сауда орталығында 500-ге жуық адам егілген. Вакцинациялау қарқында болса, тағы екі сауда орталығанан кабинеттер ашу көзделген. Әзірге екпе алып жатқанардың көбі 45 жастан асқандар екен.
Нина Ходзинская, Қарағанды тұрғыны:
- Алматыда тұратын ұлым қайта-қайта айтты, екпеге барыңдар деп. Әне-міне деп жүргенбіз. Сауда орталығының маңына қыдырып келгенбіз. Вакциналау жүріп жатқанын көріп, аяқ асты екпе салдырып алдық. Әзірге ештеңе сезілмеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!