{metadescription}
«Қызыл» аймақтағы әуежай мен вокзалдарда карантин күшейтіледі
«Қызыл» аймақтағы әуежай мен вокзалдарда карантин күшейтіледі

«Қызыл» аймақтағы әуежай мен вокзалдарда карантин күшейтіледі

«Қызыл» аймақтағы әуежайлар мен теміржол бекеттеріне шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіргізілмейтін болды. Бүгін шыққан көлік бас санитар дәрігері Жанар Оразалинаның қаулысында әуежайлар мен вокзалдар карантин шарасын күшейтуі тиіс.

«Қызыл» аймақтар тәуекелі жоғары қауіпті өңірлер. Соған байланысты бүгін елорда мен Алматы және «қызыл» аймақта тұрған өзге де өңірлерде әуежай мен теміржол бекеттері бейберекет адамды кіргізбейтін болды. «Қызыл» аймақтағы вокзалдарда да осындай жағдай. Әуежай мен вокзалда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт кісілерге көмектесу үшін қасына еріп кіруге де болмайды. Ол үшін сол нысандардың өз қызметкерлері бар дейді мамандар. Ал Шығыс Қазақстан облысында әуежайда және теміржол бекеттерінде шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіргізілмесін деген былтыр қазан айындағы қаулының күші жойылды. Бұл өңір «жасыл» аймақта тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында ПТР-тесттің теріс анықтамасы болмай, пойызға және ұшаққа отырғызылмасын деген өткен жылғы қарашадағы қаулы да бүгіннен бастап алынып тасталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.