{metadescription}
Чехиямен сауда-экономилық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас талқыланды
Чехиямен сауда-экономилық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас талқыланды

Чехиямен сауда-экономилық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас талқыланды

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай шетелдерде мәдени шаралар басталды. Пандемияға байланысты жиындар онлайн форматта өтуде. Чехиядағы Қазақстан елшілігі мен Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесе өткізген онлайн шарада екі елдің сауда-экономилық және мәдени -гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту талқыланды.

Жиналғандар елдің Тәуелсіздік алғаннан бергі өсу жолының жалғасып жатқанына тоқталып, саяси реформаның сауатты жүргізілгенін сөз етті.

30 жыл ішінде ел дамуының даңғылында талай қиындықты еңсергенімізді тағы бір еске салды. Осылайша алқалы жиында сөз сөйлегендер мерекемізбен құттықтап, әлем елдерін мойындата білген беделді мемлекетке айналғанымызды да атап өтті.

Чехия мен ел арасындағы достық қатынастың дамып, ортақ жобалардың жүйелі жүзеге асуын жоспарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде