Елбасының Түркістан саммитіндегі бастамалары Ыстамбұлда рәсімделеді
Елбасының Түркістан саммитіндегі мақұлданған бастамалары енді Ыстамбұлда рәсімделеді. Бұл туралы «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық бейнеконференциясында белгілі болды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
16.04.2021
Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің атауын өзгерту және «Түркі әлемінің келешегі-2040» құжатын дайындауға қатысты бастамалары Бакуде айтылғанымен, Түркістан декларациясында қолдау тапты. Енді бастамалар кезекті Ыстамбұлдағы саммитте рәсімделетін болады. Мұның барлығы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық сахнадағы беделін көтеріп, түркі интеграциясын ұзақ мерзімді жоспарлау тұрғысынан жаңа деңгейге шығаратыны сөзсіз дейді бүгінгі жиынға қатысушылар.
Бақытжан Темірболат, ҚР тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының директоры:
- «Түркістан декларациясына» сәйкес, киелі Түркістан Түркі әлемінің рухани астанасы болып бекітілді. Бұл шешім Түркі елдерінің көп жылдар бойы көздеген ортақ жетістігі. Алдағы уақытта Түркі әлемінің келешегі 2040 стратегиясын бекіту мен түркі кеңесінің деңгейін көтеру жоспарлануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!